Lingua - navitas
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»
БАСТЫ БЕТ
МӘЗІР
Бағдарлама жаңалықтары
Жоба
2024–2026 жылдар
аралығын қамтитын үш жылдық кешенді ғылыми бағдарлама болып табылады. Негізгі жаңалықтар мен күтілетін жетістіктер жылдар бойынша бөлінеді:
2024 жыл (іске қосу кезеңі):
Эквивалентті фразеологиялық бірліктер жиналып, цифрландырылды
Салалық терминдердің жасалу жолдары анықталды
«Лексикология және фразеография» монографиясының қолжазбасы дайындалып, баспадан шығарылды
ҚР топонимдік базасы жинақталды, жаңа облыстар (Абай, Жетісу, Ұлытау) қамтылды
Тіл экологиясының ғылыми және әлеуметтік міндеттері нақтыланды
2025 жыл (дамыту кезеңі):
Қазақ-орыс-ағылшын фразеодидактикалық материалдары сайты іске қосылды
Фразеологизмдер сөздігі шығарылды
3 зияткерлік меншік объектісі тіркелді
Web of Science / Scopus басылымдарында 3 мақала, ҒЖБССҚК журналдарында 5 мақала жарияланды
2026 жыл (қорытынды кезең):
«frazeol.kz» сайты іске қосылды
Тіл экологиясы бойынша ғылыми монография шығарылды
Сөз синергиясы сөздігі әзірленді
ҚР әкімшілік-аумақтық бірліктерінің толық анықтамалығы баспадан шықты
1 халықаралық патент (Derwent Innovations Index) алынды
Web of Science / Scopus басылымдарында 5 мақала, ҒЖБССҚК журналдарында 5 мақала жарияланды