Серіктестерге арналған ұсыныстар
Білім беру мекемелері үшін:
Жобаның лингводидактикалық нәтижелерін мектеп пен ЖОО оқулықтарына, оқу бағдарламаларына, ұлттық тестілеу жүйесіне (ҰБТ, КАЗТЕСТ) енгізу.
Мемлекеттік органдар үшін:
Тіл саясаты бағдарламаларын жасауда зерттеу нәтижелерін пайдалану; «Рухани жаңғыру» сияқты мемлекеттік бағдарламалармен үйлестіру.
Медиа ұйымдар үшін:
Телерадиобаспасөз редакциялары мен digital-платформалар үшін тілдік норматив нұсқаулықтарын, терминологиялық сөздіктерді пайдалану.
ІТ және цифрлық компаниялар үшін:
«frazeol.kz» сайты мен фразеологиялық дерекқорды NLP (табиғи тілді өңдеу) жүйелерінде, аударма қосымшаларында, жасанды интеллект модельдерінде қолдану.
Баспа ұйымдары үшін:
Монографияларды, антологияны, сөздіктерді бірлесіп шығарып тарату.