Бағдарламаның міндеттері:
- эквивалентті фразеологиялық бірліктерді жинау, цифрландыру, тұрақты сөз тіркестерінің фразеосемантикалық және тақырыптық топтарын және қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде фразеодидактикалық иллюстрациялық материалдарды дайындау;
- қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің мәдениетаралық қатынастағы ықпалын, этнокультурация құбылысын зерттеу;
- прецедентті тұрақты тіркестердің мәдени-семантикалық түсіндірмесін, яғни мәдени кодын ашып беру;
- қазақ кестелі сөзін сипаттайтын лингвосинергетикалық маркерлерді көрсету;
- тілдік тұлға сөзінің синергетикалық сипатын дискурстық талдау арқылы тану;
- қазақ баспасөз тілін жаңғыртудың синергиялық әлеуетін көрсету;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері атауларының анықтамалығын жетілдіру (Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары енгізілетін болады);
- салалық терминологиялық сөздіктерде тіркелген, заңнамада және БАҚ-та қолданылатын және бекітілген терминдердің жасалу жолдарын (синтетикалық, лексика-семантикалық, аналитикалық) және қолданылу ерекшеліктерін (полисемия, кеңмағыналылық, эврисемия, мағынаның семантикалық жылжуы (тарылуы/кеңеюі), жарыспа нұсқалардың дербес терминденуі, архаизмдердің, қолданыс жиілігі төмен сөздердің терминденуі, бейтерминдену және т.б.) анықтау;
- кірме терминдер мен жаңа сөздердің (неологизмдердің) жұмсалымдық әлеуетіне әсер ететін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларды және термин өміршеңдігінің параметрлерін анықтау, когнитивтік тұрғыдан зерттеу;
- Қазақ тілінің біртомдық түсіндірме сөздігінен фразеологиялық бірліктердің анықтамаларының лексикографиялық тиімді моделін жинау және жүйелеу;
- фразеологиялық бірліктер сөздігін әзірлеу, жаңа тілдік материалдармен толықтыру;
- көпмәдениетті қоғамдағы қазақ тілінің қазіргі тілдік жағдайын талдау;
- реалды және виртуалды қатынастағы қазақ тілінің лингвоэкологиялық сипатын қарастыру;
- тілдік ортаның сөз тазалығы үшін күрес жолдары, қоғамның, жеке адамның тілдік рухани саламаттылығына зиян тигізетін түрткіжайттарын анықтау;
- тіл басқыншылығына қарсы күрес негіздерін айқындау шараларын белгілеу;
- телерадио сөйленістеріндегі тілдік орта мәселесін қарастыра отырып, ондағы сөз экологиясын зерттеу;
- А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» және «Тіл-жұмсар» еңбектерінің бірнеше басылымдарының графикалық проекциясын жасау; басылымдары арасындағы айырмашылықтарды анықтау және негіздеу;
- А.Байтұрсынұлының «Тіл-жұмсар» еңбегінің тілтанымдық және әдістемелік негіздерін зерттеу.